6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Елде қатаң карантин енгізілуі мүмкін

Елде қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін. Үкіметтің кеңейтілген отырысында кеңінен талқыланған тақырыптардың бірі — коронавируспен күрес.   Бас дәрігер Мемлекет башысына есеп беріп,   вирустың таралмауы үшін нақты қандай шаралардың қолға алынғанын баяндады. Сонымен елдегі эпид ахуал қалай? Қасым-Жомарт Тоқаев қай әкімдерге ескерту жасады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еліміз екінші тәулік қауіптіліліктің «қызыл» аймағынан шыға алар емес.  Өңірлерде өсім, аймақтағы жағдай күннен-күнге күрделеніп барады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
«В настоящее время в вашем регионе наблюдается один из самых высоких показателей прироста заболеваемости коронавирусом. Ваша ближайшая оперативная задача — преодолеть эту тревожную ситуацию»

«Тездетіп тиісті шаралар қабылдансын» деп Мемлекет басшысы Павлодар  облысы әкіміне ескерту жасап отыр.  Сын астында Ақмола мен Қостанай өңірінің басшылары да қалды. Елде ауырғандардың 40 проценті аталған аймақтарға тиесілі.  Жалпы өткен тәулікте вирус 1266 пациенттен табылған.  Әрине, көрсеткіш көңіл көншітпесе де,  өткен жұмамен салыстырғанда статистика біршама жақсарған. Бірақ талаптар жұмсарады деген сөз емес бұл.   Вирустың шарықтау шыңы әлі алда. Бас дәрігер солай деді.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
«Оптимистік сценарий бойынша, наурыз айының соңына қарай, тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркелу күтілуде. Пессимистік сценарий бойынша, күніне 9 мың пациентке дейін  тіркелуі мүмкін. Сонда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін қатаң карантиндік шараларды енгізу қажет болады».

Бір жыл бұрынғы көріністің қайталанбауы үшін, жауапты министрлік қазірден-ақ қамданып жатыр. Қоймаларда дәрі-дәрмек, бетперденің 2 айлық қоры дайын.  Алексей Цой Президентке вирусқа қарсы препараттардың тапшылығы да болмайды деп уәде етті. Енді медицина саласындағы монополияға жол берілмейді.  Вирусқа қарсы дәрілердің бағасы 27 процетке арзандаған.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
«Үкімет пен жергілікті әкімдерге денсаулық сақтау ұйымдарында инвентаризация жасауды тапсырамын.  Халық әлі күнге дейін дәрі-дәрмек жетпейді деп шағымданады.  Сондай-ақ, бір айдың ішінде вируспен ауырғандардың статистикасын ретке келтіру қажет. Өйткені рейтингтерді қуалап, жазадан қорыққан  кей әкімдер  шын көріністі жасырады. Ал біз нақты  шешім қабылдау үшін халық денсаулығының нақты көрсеткішін білуге міндеттіміз».

Осылайша, Мемлекет басшысы алда атқаратын жұмыс әлі де көп екенін ескерте отырып, қала мен облыс әкімдеріне нақты міндеттерді жүктеді.  Ал тапсырмалар уақытылы орындалмай, өңірлерде эпид ахуал дұрысталмаса, елде қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін.

X