ЕЛДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ҮШІНШІ ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛДЫ
29 марта 2021
Еліміз қайтадан «қызыл аймаққа» таяп келеді. Бір тәулікте Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 1500-ден асты. Вирус жабысқандардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Бұл тізімнен бас қала да қалыспай келеді. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты оңтүстік шаһар әкімі шұғыл жиын өткізіп, қалада коронавирустың үшінші толқыны басталғанын ресми мәлімдеді. Республика аумағына блок бекеттер қайта қойылуы мүмкін деген ақпар рас па? Қайтадан қатаң шектеу шаралары енгізіле ме?