Елде спорт кешендері тапшы
13 августа 2021
Сыз тартқан еден мен қуықтай бөлме. Ауыл балалары спортпен осындай жағдайда шұғылданып жүр. Түркістан облысы Сауран ауылының жас спортшылары жертөледе жаттығып, бүгінге дейін талай додада топ жарған. Ал жыл сайын еліміз спортты дамытуға 160 млрд теңге жұмсайтынын ескерсек, ауыл жастарына неліктен жағдай жасалмай отыр деген заңды сауал туындайды. Сюжет көрейік.