20:00 Тікелей эфир «АНАЛИТИКА»
20:45 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «РЕЦЕПТ ЛЮБВИ»

Елдегі эпидемиологиялық ахуал

Пандемия басталғалы республика бойынша 129 213 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 2 013  адам қайтыс болды. Өткен тәулікте 813 азаматтан вирус табылып, 10 отандасымыз көз жұмды. Ковид жұқтырғандардың дені Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысың тұрғындары. Бүгін эпидемиологиялық ахуалға қатысты облыс әкімдері мен санитарлық дәрігерлер есеп берді. Жаңа ғана денсаулық министрлігінің брифингі аяқталды. Ақмола облысында вирус жұқтырғандардың санын жасырғаны рас па? Бұл жағдайды әкім қалай түсіндірді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметіне келген Ақмола облысының әкімі коронавирус жұқтырған 100 адам жалпы статистикаға енбей қалғанын растады.

Бірақ, Ермек Маржықпаев бұл фактіні жасырғымыз келген жоқ, есеп-қисап жасап жатқан мамандар жетпей жатқандықтан осылай болып қалды деді. Қазір бұл өңір «қызыл аймаққа» енді, күніне 65-70 адамнан вирус анықталып жатыр.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Шын мәнінде біздің облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық мекеменің штаты тек 12 адамнан құралған. Жаппай індетке шалдығу болған жағдайда мәліметтерді зерделеу шараларына мамандар үлгермейді. 100-ге тарта оқиғаны тіркеп үлгермеген. Президенттің сыны объективті, дұрыс деп санаймыз. Сондықтан статистика дұрыс түзілуі үшін қажетті шараларды қабылдадық».

«Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал да мәз емес. Қыркүйек айымен салыстырғанда виурс жұқтырғандардың саны жеті есе өскен.

Бүгін баспасөз конференциясын өткізген  Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері соңғы 3 айда 105 оқушыдан ковид анықталғанын растады. Оның 109-ы онлайн оқып жатқандар. КВИ-мен ауырған адамдардың басым көпшілігі 20 мен 39 жас аралығындағылар. Жандарбек Беншин түнгі клубтар мен мейрамханаларға баратындар, адам көп жиналатын жерде жүретіндер үйлеріне вирус жұқтырып апарып жатқанын жеткізді. Әрі тұрғындардан сақтық шараларына атүсті қарамауды сұрады.

ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚАЛАНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАР ДӘРІГЕРІ:
«Бұл ауруды кім әкеледі?Ағалары, апалары. Баяғы клубтарға барып шықпайтын, рестораннан шықпайтын. Тағы ата-аналарға айтарым. Көбі офисте істейді. Ең қауіпті қазір жабық ғимараттар. Ұсыныстарымыз жұмыс берушілерге офисте істеп жатқан жұмыскерлеріңізді қашықтық жұмыс форматына жіберу керек. Тіпті 80 пайызына дейін жіберу керек».

Көптен бері көпшілік алдына шықпай кеткен Денсаулық министрінің баспасөз концеренциясы да аяқталды. Алексей Цой стационарлық көмек көрсетуге деп 15 мың орын дайын тұрғанын жеткізді. Оның тек 22 процентіне науқастар жатқызылған екен. Десе де министр халықтың карантин талаптарына бейқам қарай бастағанын айтты.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
«Өкінішке қарай халық сақтық шараларына бейқам қарай бастады. Маска тағу да жайына қалып бара жатқандай. Әлеуметтік қашықтық сақтау да естен шыққан. Ал бұлар коронавируске қатысты ең маңызды шаралар. Алда мерекелік күндер келе жатыр. Адам көп жиналатын орындарға бармаңыздар, шаралар ұйымдастырудан да бас тартуға шақырамыз».

Министрліктің дерегінше еліміздің емханаларда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған. Бұдан бөлек, отандық өндірушілерден 10 миллион маска сатып алынған екен. Бұл даярлық бекер жасалып жатқан жоқ. Республика бойынша вирус жұқтырғандардың саны артып келе жатыр.

АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Олар: ШҚО, СҚО, Павлодар және Қостанай, Ақмола облыстары. Лматы қаласында да аурушаңдық өсуде. Қалған өңірлер жасыл аймақта. Бірақ КВИ тіркелуде.

Көпшіліктің көкейіндегі ең басты сұрақ, желтоқсан, қаңтар айларында карантин енгізіле ме? Денсаулық сақтау министрі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады деді. Әзірге жоспарда жоқ екен. Ал егер азаматтар талаптарды сақтамай, вирус жұқтырғандардың саны өршіп кетсе бұл мәселе қайта қаралатын көрінеді.

X