Дайын асқа тік қасық! Түркістан облысында ел-жұрттың қаржысына салынған спорт алаңдарын ауыл әкімдігі аукционмен сатып жіберген. Ол жерлерді елді мекенге түк қатысы жоқ өзге біреулер иемденіп алып, бұл күнде тоз-тозын шығарған. Аумақтың тозығы жеткені соншалық, жер телімі мал жайылымына айналған. Осылай деп шағымданған Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылының тұрғындары амалсыз облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрауға мәжбүр.
Елдің ақшасына салынған спорт алаңын ауыл әкімдігі сатып жіберген
Дата: 23.10.2020