14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Елдің есін шығарған «елес»

Елдің есін шығарған елес,  Ханкөл ауылынан емес екен. Бірнеше күннен  бері айналаны торуылдап, 14 шақырым жолды тексерген батысқазақстандық полицейлер ақыры осындай шешімге келіпті.  Мән-жайды зерттей келе,  видеоның Ресейде түсірілгенін анықтаған.  Сонда   жергілікті тұрғындар неден шошынып жүр?  Ал орынсыз әзілді таратқан кім?  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Батыстағы шағын ауылды әп-сәтте танымал қылған видео осы.  Алыпқашқа әңгімеге құлақ түрсек,  қыз кейіндегі елес Ханкөлге кірер жолда жүріп, жергілікті тұрғындардың мазасын алатын көрінеді.   Дәлірек, көлікке мініп, ауылға жеткізуін сұрайды. Кейін әп-сәтте жоқ болып кетеді.

Қауесет пе, қайдам,  бірақ желідегі ақпаратқа сенсек, жергілікті тұрғындардың бойын қорқыныш кернегені рас.  Ел-жұрттың  құрбандық шалып,  елестің соңына аймақ басшысыың тапсырмасымен бір топ полицейдің түсті.

Алайда, әу-баста жын-перілердің ізіне түскендеріне өздері де күле қараған еді…

БОЛАТБЕК БЕЛГІБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«Ай Аллай, приколға қалатын болдым ғой. Елдің сөзіне. Сорлы басым ай…»

Дегенмен, бұйрықтың аты бұйрық. Облыс әкімінің өзі тапсырған соң,  полицейлер күн-түн 14 шақырым жолды тексеріп, ауыл  тұрғындарымен тілдесіпті.  Сөйтсе, жергілікті жұрттың өзі елес жайлы желіден білген екен.

ЖОМАРТ, ХАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ  ТҰРҒЫНЫ:
«Бір күн естисің, екі күн. Басқа жерден тыңдайсың ғой. Басқа жақтың адамдары, көрші ауылдың адамдары күннен күнге күйшеутіп қосып айтып жатыр да, біздер күндіз де, түнде де барып келіп жатырмыз ғой, ешкім ештеңе көрген жоқ»

Иә, елестің бейнесі анық көрінетін видеоға назар салсақ, айналада ағаш өсіп тұрғанын байқауға болады.  Алайда,  шын мәнінде көрініс басқа.  Қысқасы,  елес бұл маңнан емес.

АМАН МӘДЕНҰЛЫ,  ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Бұл видеоның Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды».

Дегенмен, жалған ақпаратты нақты кімнің таратқаны әзірге белгісіз. Анықталып жатыр.

БОЛАТБЕК БЕЛГІБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Жергілікті халықтан азаматтардан, осындай жалған ақпарат таратудан аулақ болуды сұраймыз. Себепбі мұның ар жағында ҚК жаза бар екендігін еске саламыз»..

Алайда,  желідегі жұрттың  өз көзімен көрдім деп жарыса жазған елестері қайда?   Бұған қатысты дін өкілдері келесідей  жауап қатты.

ХАСАН АМАНҚҰЛОВ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Жын түрлі кейіпке енуі мүмкін. Ол өсімдікке айналуы мүмкін, адамға немесе басқа да түрлі мақұлықтардың көрінісіне енуі мүмкін. Сондықтан бізге елес болып көрінетін дүниелер жын тайпасынан болуы мүмкін.»

Ал ол кімдерге көрінеді?

ХАСАН АМАНҚҰЛОВ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Жын негізі лас жерде жүреді.Күлді баспа дейді бізде қазақта +0415- азық-түлікті әр жерге тастауға болмайды. үйді таза ұстау керек дейді. лас жүріп, Құдайдан безген адамдар түрлі осындлай елес адамдарды көріп, осындай қорқуға ұшырауы мүмкін»

Ал,  таза жүріп, аузыңыздан дұғаны тастамасаңыз, жын шайтандар сіздің маңыңызға да жоламайды деп сендірді.

X