Елімізде су тасқыны мерзімінен сәл ерте басталды. Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан тасып, бірқатар көшелерді су шайған. Сол маңды мекен ететін 950 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Осы тектес 600 елдімекен қар ерігенде қызыл судың астында қалғалы тұр. Осы олқылықтарды болдырмас үшін, төтеншеліктер күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Қар қалың түскен аймақтарды арнайы мамандар тікұшақпен аралап, ақ ұлпаның қалыңдығын бақылауда. Көктем шықса болды, тасқынның астында қалатын ауылдар қарғын суға қаншалықты дайын?
Елдімекенді су шайып, 950 тұрғын көшірілді
Дата: 17.03.2020