10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Елімізде бір аптада коронавирустан 42 адам көз жұмды

Бір аптада еліміз бойынша 42 адам коронавирустан көз жұмған! Індет жұқтырғандар қатары да артып келеді. Осыған орай елордаға да алдағы күндері блок постар қойылуы мүмкін. Ел астанасының  қауіпті саналатын сары аймаққа кіргені туралы шахардың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.  Қазір Нұр-Сұлтанда қауіпті вирус жұқтырғандар саны 15 мыңға жуықтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қызыл, сары, жасыл. Халықаралық стандартқа сай кез келген елдің  басына төнетін қатерлер осындай дәрежелерге бөлінеді.  Солтүстік, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары  қызыл аймақта.  Дерттің дендеуі бойынша көш бастап тұр.  Аймақаралық жолдар жабылып, облыс орталытарын қоршай блок постар  қойылды. Адамның қызуын өлшеп, жоқ болса өткізе беретін  санитарлық постардан айырмашылығы- арнайы рұқсат қағазың болмаса  еркін жүріп тұра  алмайсың. Соңғы тәулікте ел бойынша вирусқа шалдыққандар саны 568 адамға жетті.

Антирекорд  Шығыс қазақстанда,  бір тәулікте ауырғандар саны 237 адамға ұлғайған. Павлодар, Ақмола , Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл статистика 50- дің о жақ ұ жағында. Сотүстік аймақтардың ізінде Алматы , Нұр-Сұлтан қалалары мен батыс қазақстан облысы тұр.  Бір күнде бұл өңірлерде тіркелген сырқаттар саны 30 шақты. Есесіне ,  халқы тығыз орналасқан оңтүстік  әзірге  тыныш.  ауырғандар бірлі жарым ғана демесек.

Блок пост қойылғанымен аймақтарда адамдардың шахарларға кіріп-шығуы тыйылмай тұр. Мысалы, Павлодарда бекет  қойылған  үш күннің  ішінде қалаға 20 мың көлік пен  40 мың адам кірген.  Мыңының анықтама қағазы болмағандықтан, тәртіп сақшылары оларды кері қайтарыпты.

Ал, Шығыс Қазақстан облысында  блок постар 25 қарашаға дейін тұрады. Одан кейін не боларын аймақтың бас санитар дәрігері  эпиджағдайға қарай көреміз-, депті.

Еліміз бойынша ковидтан көз жұмғандар саны да күн сайын артып келеді. Бір аптада  қаралы статистиканы 42  адам толықтырған. Алайда, мамандар сырқаттанғандардың  арасында өлім жітім жазға қарағанда  едәуір төмен дейді. Бұған емдеу протоколына енгізілген өзгерістер себеп болыпты.

НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ  ҚР ДСМ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Емдеу протоколдары үнемі жетілдіріліп отырады.  Бұл академиктер  мен профессорлардан құралған арнайы комиссияның жұмысы.  Шындығын айту керек,  бұл вирус бізге мұлде таңсық болғандықтан алғашыда оны қалай емеу керектігін де білмедік. Қазір қолданыстағы емдеу протоклдары   бұрынғысына қарағанда әлдеқайда тиімді дер едім».
Тағы бір жаңалық,  бұдан былай ауру жұқтырсаңыз рецепт сұрап емханана жағаламайсыз.  Дәрігердің   ұялы телефоныңызға  жіберген  қағазы бойынша қажетті дәріні кез келген дәріханадан  сатып алуға болады.

НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ  ҚР ДСМ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Қазіргі уақытта біз рецепт жазып беруді жеңілдетіп отырмыз. Бұйрықта біз былай деп отырмыз, егер рецепт ала алмасаңыз, дәрігерге хабарласып, электронды түрде,  ватсапта назначание жазып,  сонымен сатушыға көрсетіп, электрондық түрде жіберіп,  сол тағайныдау арылы дәріні алуға  болады».

Денсаулық сақтау министрлігі  осылайша коронивирустың екінші толқыны  қарсаңында барлық кедергілерді алып тастап, ширақ қимылдауға дайынбыз дейді. 21 миллиард теңгеге 40-тан астам дәрі дәрмек  түрін сатып алып, еліміздің төрт құбыласындағы төрт  аймақта қажетті препараттардың  Хабын да дайындап қойыпты.

X