Елімізде екпе егудің тетіктері өзгерді
9 декабря 2021
Елімізде екпе егудің енді тектіктері басқа. Үкіметтің бүгінгі отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тәж-тажалға қарсы тактиканы өзгертетінін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, ревакцинация кезінде компонеттерді қайта алудың мерзімі қысқарады. Жиында жаһанды жайлап бара жатқан жаңа штамм «Омикрон» туралы да айтылды. Денсаулық сақтау министрлігі айтқан өзгерістер туралы тілшіміздің келесі материалынан кеңінен қаныға аласыздар.







