6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Елімізге Украинадан 179 отандасымыз жеткізілді

Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелетін ұшақ Польшаға аттанды. Бұл әуе рейсімен елімізге бүгін түнде 179 отандасымыз жеткізіледі. Лайнер Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшып шыққан. Аталмыш рейс кері қарай бүгін біздің уақытпен 15:30-да жолға шығады деп жоспарланған. Ал, Алматыға түнгі сағат он екі жарымдарда қонады деп күтілуде. Еліміз Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Украинадағы 241 қазақстандық Польша шекарасынан өтіп, елге қайтуға дайын отыр. Қалып қойғандар үшін тағы бір рейс жіберіледі. Бұдан басқа дипломатиялық көліктермен елшілік қызметкерлері отбасының 25 мүшесі бекеттен өткен. Қақтығыс ортасынан дін аман жетіп, рейсті күтіп отырғандан бастарынан өткергендерін айтып берді.

X