14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Елімізге Қырғызстаннан 60 келі героин алып өтпек болды

Елімізге Қырғызстаннан 60 келі героин алып өтпек болған күдікті ұсталды. Оны Жамбыл облысындағы автомобиль өткізу бекетінде шекарашылар қолға түсірген. Иісшіл ит джип көлігінде жасырылған ерекше иісі бар ақ-сұр түсті заты бар пакеттерді тапқан. Сараптама қорытындысы оның 60 келі 370 грамм героин екенін көрсетіпті. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

X