Бүгін республика бойынша тұңғыш президенттің туған күнімен тұспа-тұс келетін «астана» күні де тойланып жатыр. Бас қаланың әкімдігі елорданың 22 жылдығына жалпы жиыны 19 шара жоспарлап еді. Алайда енгізілген локдаунға байланысты мерекелік концерттердің барлығы онлайн форматқа ауысты. Десе де бұл мейрамды өздігінен атап өтуге болмайды деген сөз емес. Биыл қала күнінің қалай өтіп жатқанын білмекке әріптесім астананың көрікті жерлерін аралап, қала тұрғындарын әңгімеге тартты. Көріңіз.
Елорда күні қалай өтуде?
Дата: 06.07.2020