10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Елорда әкімінің есебі

«Astana LRT» жобасы қашан аяқталады? Қыруар қаржы жымқырылған жеңіл релсті көлік жүйесінің қай уақытта толық бітетінін журналистер халыққы есеп берген Алтай Көлгіновтен сұрады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жағдайды түсіндіргендей болды. Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдарының мамандарына оның жауабы ұнамады. Неліктен? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметіне келген халыққа есеп беруге келген Алтай Көлгінов алдымен 40 минут қаланың дамуын сөз етті. Бірақ, журналистер сұрақ-жауапты асыға күтті. Сондықтан бірден атышулы «Астана ЛРТ» жайын сұрады. Әсіресе, әріптестерімізді 2011 жылы басталып, жарты жолда тоқтап қалған жеңіл релсті қоғамдық көлік жүйесінің құрылысы қашан бітетіндігі қызықтырды. Әкім екі кезеңнен тұратын жобаның әлі, тіпті бірінші кезеңі аяқталмағанын айтады.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
«Astana LRT капиталды қажет ететін процесс, пандемия кезінде банктермен жұмыс тоқтатылды. Қала кеңеюде, жолаушылар көлігінің қосымша түрлерін енгізу керек. Иә, нақты проблемалар болды, ал қазір құқықтық органдар тарапынан тергеу әрекеттері де бар. Нәтижесі бойынша жауап тыңдалады. Сондықтан, бұл оңай мәселе емес. Әзірге жауап осындай, жоба бойынша сіздерге хабарлап отырамыз».

Бірақ, журналистердің бұл жауапқа көңілі толмады. Сондықтан қала басшысынан құрлыс кезінде миллиардтар жымқырылған жобаның жайын қоғам талқысына салу керек деп ойламайсыз ба деп сұрады.

-Опрос будет?
— Багдат, переходиет к своим вопросам, пожалуйста.
-Опрос будет?
— Опрос о чем?
— У населения, нужен ли этот проект?
— Вы сами как считаете, нужен?
-Я считаю, что не нужен.
— Расчеты посмотрели? Сколько денег потрачено? Надо комплексно подойти».

Жиында қаланы басқан көк түтін жайы да айтылды. Алтай Көлгінов оған былай деді.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
«Бұл жүйелі мәселе. Бір күнде шеше алмаймсың. Біз газ бен электр жылыту жүйесі мен көгалдандыру жайын бұған дейін айтқан едік. Сондай-ақ тарифті дифференциялауды қарастырып жатырмыз.  Яғни түнде тариф құнын  төмендедпекпіз. Сонда адамдар мұржадан электр жылытуға көшеді. Бұл біздің экологияны жақсартады».

Әкім локдаун жайына да тоқталды. Ол қалада вирус жұқтыру фактісі күрт артса, жаңа шектеулер енгізілетінін жасырмады. Сондықтан Алтай Көлгінов астаналықтарға Жаңа жыл мерекесін үйде атап өтуді сұрады. Бірақ, елордада көпшілікке арналған сырғанақтар мен мұз айдындары салынып жатқан көрінеді. Сондай-ақ шырша жайы да сөз болды.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, ҚАЛА ӘКІМІ
«Үлкен-үлкен парктер бар, саябақтар бар. Ол жерде де балалар ойнағысы келеді. Қала тұрғындары сол жерді жүріп, демалыстарын өткізгісі келеді. Шыршаға қатысты айтатын болсақ, Тәуелсіздік күнінен кейін әкімдік шыршаларын безендіруді бастаймыз. Ешқандай жаңа шырша біз сатып алмаймыз. Бұрынғылары бар».

Жаңа жыл демекші, оның қарсаңында қаладағы гипер және супермаркеттер тәулік бойы жұмыс кестесіне өтуі мүмкін. Өйткені шенеуніктер мерекеде азық-түлік, сыйлық алам деген халық сауда орындарын ағылады деп қорқады-мыс. Қазір шенеуніктер санитарлық дәрігерлер мен бизнес өкілдері өзара ақылдасуда, деді Нұр-Сұлтан басшысы. Айтпақшы, халық пен журналистер алдында есеп берген Алтай Көлгінов Талдыкөл жайында алаңдамауға шақырды. «Қызыл кітапқа» енген құстар қонатын су көзінің жан-жағына нысан салынғанымен, оның фаунасы мен флорасына, эко жүйесіне еш қауіп жоқ деп сендерді.

X