ЕЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫНЫ ТАНИТЫН АҚЫЛДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАР ОРНАТЫЛДЫ
27 апреля 2021
Елорда мектептеріндегі ноу-хау. Отандық айти мамандар шетелдік әріптестерімен бірге дайындаған жобасын білім ошақтарына орнатты. Апробациядан өткен қондырғылар баланың мектепке келген уақытын тіркеп қана қоймай, шәкірттің дене қызуын өлшеп, қай сыныпта оқитынын анықтайтын көрінеді. Инновациялық жоба пилотты түрде іске қосылды. Сынақтан сәтті өтсе еліміздің ірі қалаларындағы оқу орындарына қойылмақ.