14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Елордада 20 бөлмелі жатақхана өртенді

Елордада 20 бөлмелі жатақхана өртеніп, үйдің төбесі опырылып түсті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Құтқарушылар жеткенше тұрғындар өз беттерімен сыртқа шығып үлгеріпті. Олар қазір туысқандарының үйлеріне орналастырылған. Оқиға орнына мамандар барғанда жатақхана ретінде жабдықталған бір қабатты мансардалы 20 бөлмелі жеке үй жанып жатқан. Оны дереу сөндіруге кіріскен мамандар қызыл жалынды бір сағатқа жуық уақыттың ішінде өшіріпті. Тілсіз жау 80 шаршы метр аумақты жалмаған. Адам шығыны жоқ. Болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған. Нақты себебі анықталып жатыр.

X