Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалы мен Нұрсұлтан Назарбаев әуежайын жалғайтын көпірге қатысты дау туды. Оны салып жатқан жұмысшылар 8 айдан бері жалақы алмадық деп шу көтерді. Жыл басталғалы көк тиын көрмеген 150-ден аса құрылысшы бар екен. Бірсыпырасы даулы көпірге келіп, ақша болмайынша кетпейміз деп бекінген.
Олжас Сайлаубекұлы
Елордада көпір салғандар 8 ай жалақы алмаған
Дата: 08.08.2019