Жүздеген адам далада қалды! Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйді соңғы ақшаларына сатып алған тұрғындар, енді құрылысы әлдеқашан бітіп қойған баспананың кілтін ала алмай жатыр. Тұрғын үй кешенінің төрайымы оларды пәтер иелері тізімінен шығарып тастаған көрінеді. Енді үйсіз-күйсіз қалған астаналықтар әкімдіктің алдында жиналып, базынасын айтуға мәжбүр болды. Бас қаладағы даудың ортасына біздің түсіріліп тобы да барып қайтқан еді.
Елордада үлескерлер бас көтерді
Дата: 25.08.2020