2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Елордалықтар демалысты карантинде өткізеді

Елордалықтар алдағы демалыс күндерін үйде өткізетін болды. Өйткені шаһарда карантин шаралары күшейеді. Мауысымның 27-28 күндері қалада тек шағын азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, жазғы тамақтану орындары ашық болады. Оның өзінде де бұл нысандар таңғы 10-нан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Ал ірі сауда орталықтары, желілік дүкендер, жабық базарлардың есігіне құлып салынады. Сенбі-жексенбіде нұр-сұлтандықтарға тек азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға рұқсат. Сондай-ақ, аталған тәуліктерде жұмыс істеуге анықтамасы бар жандарға далаға шығуға шектеу жоқ.

X