Елордалықтар қоқыс үшін тіркеуде тұрған адамның бәріне төлейді

Елордалықтар пәтерлеріне «елес» адамдардың тіркелуінен, қоқысқа ай сайынғы бекітілген нормадан бірнеше есе артық қаржы төлеуге мәжбүр. Себебі, тұрмыстық қалдықтардың тарифі баспанаға есепке тұрған тұлғалардың санымен есептеледі. Бөгде адамдар үшін ақы төлеуден шаршаған тұрғындар қаладағы қоқыс шығаратын компанияның алдына жиылды. Олар үйлеріндегі тіркеуде тұрған адамдарды тізімнен шығарып, қалдыққа төленетін соманы қайта есептеп беруін сұрайды.

X