18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Елорданың қақ ортасында отырып, жолға жарымай отыр

Елордада бүтін бір көпқабатты үйдің тұрғындары қаланың қақ ортасында тұрып, жолға жарымай отыр. Айналасында қысы-жазы бір сәтке де тоқтамайтын құрылыс, оған қоса құбыр жөнделуде. Бірақ, ол жұмыстардың бітер түрі жоқ. Жұрт сондықтан, тұрғын үй кешенін салғанда жолды ұмытқан жауаптыларға наразы. Себебі, тұрғын үй қоршаудың ортасында қалған. Көліктері өте алмайтын адамдар баспаналарына бірнеше шақырым жаяу жүріп, қатынауға мәжбүр.

X