Тараптарды алдымен соғыстырып, кейін тоғыстырған әкімдік. Елорданың қақ ортасынан кәріз станциясын ашқан шенділер араға бірнеше күн салып, бұл жобадан бас тартуға мәжбүр болды. Тұрғындардың бірі таза ауа жұтудан қалдық десе, өзгелері керісінше, ассенизаторлық көліктердің қызметі арзандады деп малақайларын аспанға атып еді. Талас немен тынды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Осыдан екі апта бұрын мына қоршау салына бастағанда-ақ, тұрғындар бір шикіліктің иісін сезіп едік дейді. Күдіктері де, мұрындары да алдамапты. Толассыз аққан ассенизаторлық көліктердің кесірінен бүкіл ауданға жағымсыз иіс жайылған.
АРДАҚ БӨКЕНАЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Левый берегтің қақ ортасында отырмыз, цирк қасында мынадай запахпен қалай, қала репутациясына нұқсан келтіреді. Тереземізді аша алмасақ, балаларынымзы далаға шығармасақ, бұл қалай?. Бұл проблеманы шешпесе, өте қиын жағдай болады».
Жұрт шағым айтып бармаған жеріміз жоқ дейді. Алайда, олардың зарын еститін құлақ табылмаған.
ӨМІРХАН ӘБУ. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Бір күннің ішінде 30-40 машинадан келіп төгіп жатыр. Мұны қалай тоқтату керек? Акиматқа, прокуратураға хат жаздық. Бірақ біздің хатымызды қарап жатқан жоқ».
Қаланың қақ ортасындағы Шұбар ықшам ауданында жұрттың дені жер үйде тұрады. Көбі орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Айына 20-25 мың төлеп, ассенизаторлық көлік шақырады. Бұрын машиналар бірнеше шақырым жердегі станцияға қатынайтын. Кейін ол жерге 12 қабатты үй мен автотұрақ салынып, кәріз станциясын әкімдік осында көшірген.
ҒАЛЫМЖАН МАМЫРОВ, АССЕНИЗАТОРЛЫҚ КӨЛІК ИЕСІ:
2039-01 код 01,18 нас заставили в Ильнинку возить… «Бізге алғашында Илиьнка ауылындағы станцияға қатынаңдар деген. Ол жер алыс, оның үстіне қыста қауіпті. Сол кезде жұрттан бір көлік үшін 7 мыңнан жинадық. Халыққа қиын болды, біз де, олар да наразылық білдірген соң, жақын жерден мына станцияны ашып берді. Тариф бірден 3 мың теңгеге арзандады. Бәрі халық үшін емес пе, соншама дүрлігіп несі бар?».
ВЕРА ЛИТВИНЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
2078 код 01,18 мы за точку слива , «Біз кәріз суын төгетін нысанның осы жерден ашылғанына ризамыз. Өйткені, бұған дейін көлік иелері өз қызметі үшін қымбат сұрайтын, қазір арзандатты».
Кәріз станциясының кесірінен қаққа бөлінген жұрттың қырылысын әкімдік сырттан бағып отыр дейді жұрт.
МАРЛЕН ЖӘРКЕНҰЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Халық болса бір-бірімен дауласуда. Ал, әкімдіктің позициясы түсінікті. Немен тынарып күтіп отырған сыңайлы. Әрине, септигі барларға жақсы, машинамен сору арзандады. Олар станцияның осында қалғанын қалайды. Сонда біз солардың кесірінен нәжістің иісімен демалуымыз керек пе?».
Бұл мәселеге қатысты не қала басшылығы, не «Астана су арнасы» кәсіпорны бізге түсініктеме беруден бас тартты. Алайда, кеше кешкісін қалалық әкімдікте шұғыл жиналыс өтіп, оның нәтижесі бойынша аталмыш кәріз станциясын жабу туралы қаулы қабылданыпты.