Елу үй, бір мектеп жылусыз қалды

Ақтөбеде жылыту маусымы әлдеқашан басталса да , елу үйдің тұрғыны бүрсеңдеп әлі отыр. Оның сыртында 1000-нан аса бала оқитын тағы бір мектептің мына күздің қара суығында өзінше амалдаудан басқа амалы қалмаған. Бұған тұрғындар күз басталғанда жылу құбырын жөндеуге кіріскен жауапты мекеме мен осы іске жүрдім-бардым қараған әкімдікті кінәлайды. Қыркүйекте басталған жұмыс желтоқсанға дейін жалғасып кетсе, қыстан қалай шығамыз деп алаңдаған жұрт «Еуразия» бірінші арнасына хабарласып, көмек сұрады. Тілшіміз тоңып жүрген шалғайдағы жұрт мәселесіне тереңнен бойлап, жауаптылардан жауап алуға тырысып көрді.

X