6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Емхана жылусыз отыр

Ақтөбеде коронавирус жұқтырғандар жатқан емханаға әлі жылу берілмеген. Жылыту маусымының басталғанына бір апта өтсе де, батареялар мұздай. Емдеу мекемесінің басшысы болса, әр палатаға арнайы жылытатын құрал қойып, амалдап отырғандарын айтты. Қазанның қара суығында науқастарды бүрсеңдетіп қойған кім? Онсыз да өкпесі қабынып, екі иіннен әрең демалып жатқандарға қара суық емханада алған ем бойына дари ма?

X