Түркістан облысындағы сауда орталығына тапа-тал түсте қарақшылық шабуыл жасалды. Қаруланған ер адам сатушыны қорқытып, алтын бұйымдарды алып ізін суытқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларына кіріскен тәртіп сақшылары күдіктіні Кентау қаласында көшеде қолға түсірген. Ол еш жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір қамауда отыр. Жәбірленуші алтын бұйымдарын қайтарып берген полицейлерге алғысын білдірді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
СӘУЛЕ ЖҮСІПБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ: «Бір белгісіз адам тұмшаланып киініп алған қолындағы қаруымен келіп, қорқытып, менің сатып отырған алтын бұйымдарымды ұрлап кетті. Полиция қызметкерлерімен іске кірісіп, үш тәулік ішінде қарақшыны қолға түсірді. Мен Қазақстан азаматы ретінде өзімнің заңды түрде мені қорғайтын азаматтардың бар екеніне, полиция қызметкерлерінің бар екендігіне көзім жетті».