Еркекше айтыңызшы: шымкенттіктер әкімге талап қойды
2 марта 2022
Жүргізуші: Шымкентте тұтас бір шағын ауданның жері алпауыт компанияға берілмекші. Тіпті, шенеуніктер бұл үшін қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізіп, құжатты Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп қойған дейді шу шығарған тұрғындар. Ал, қарызданып жүріп жер алып, үй салғандар енді баспаналары мен учаскелерін өлсек те бермейміз деп отыр. Десе де, қалалық архитектура басқармасының басшысы халықпен кездескен кезінде, түбінде жерлеріңді аламыз деп айтып кетіпті. Тұрғындар мен ақ жағалылар айқайын тілшіміз Ғалымжан Кенжебек тарқатады.







