Ертеңнен бастап қытайлық вакцина салынады
5 мая 2021
Ертеңнен бастап елордалықтар қытайлық екпе ала бастайды. Біріккен Араб Әмірліктерінде шығатын Синофарм компаниясының 7 400 доза вакцинасы бас қалаға жеткізіліпті. Hayat-Vaх аталатын препарат Нұр-сұлтандықтарға ерікті түрде ғана салынады. Бұдан өзге, астананың қоймаларына QazVac — тың 6 мың дозасы әкелінген. Сонымен. елімізде коронавирусқа қарсы үш вакцина бар, атап айтқанда ресейлік «Спутник V», отандық QazVac және қытайлық Hayat-Vaх.