Бізде дәрі де, бәрі де жетеді. Үкіметтегілер осылай деп сендіреді. Шетелден гуманитарлық көмек келіп жатыр, тұрғындардың өздері де импорттап алып жатыр. Қап-қаппен. Бірақ шынында сөз бен іс сәйкес келе ме? Қағаз жүзінде қатырып қойған мәселелер енді жүзеге қашан асады? Қазір вокзалға барсаңыз да, әуежайға кірсеңіз де, Қазпоштаны көрсеңіз де, бір көрініс. Құшағы дәріге толған қараша. Бірі салып жатыр, бірі күтіп алып жатыр. Жақынына жетпегесін жер-жерден іздеген жұрт. Сонда таппай жүрсе бәрі, бізде бары не дәрі? Үкімет мүшелерінің тапшылық жоқ дегені шындыққа жанаса ма?
Есеп бергенде бар дәрі іс жүзінде неге жоқ?
Дата: 14.07.2020