Үйдің іші-сыртын жылтыратып қойғанымен, ескінің аты ескі екен, есіміз шықты. Осылай деп, мұңын шаққан талдықорғандық көпбалалы отбасылар екініші нарықтағы баспаналарды алғанына өкініп отыр. Пәтерлерінің қабырғасы көгеріп, сылағы көтеріле бастаған. Оның үстіне бұл ғимарат — кеңестік кезеңде балабақша ретінде салынған еккен. Даңғарадай бөлмелер оңайлықпен жылымайды. Терезелеріміз терлеп, көктің иісі демекпе қылып бітетін болды, — дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Жарайды деп алдық, қалдық. Ал, біз ойлаған жоқпыз ғой, суық болады, осындай сырость болады деп».
Бұл — бұрынғы балабақша ғимараты. Тоқырау жылдары жекенің қолына өткен соң, жылдар бойы түрлі мақсатта пайдаланылыпты. Кейін келе үйге негізделген соң, бірнеше пәтерін әкімдік бюджет қаржысына сатып алған. Былтыр Тәуелсіздік күніне орай, кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға үлестіріп берді. Кілтін облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі табыстап, Бибігүлдің шаңырағына арнайы келіпті. Араға 14 жыл салып, үйлі болған қуаныш иелерін қоныстойымен құттықтап, сый-сияпаттын да табыстаған.
БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Осы үйді Амандық Баталовтың өзі берген, келіп, риза қылдырып. Бірақ та, біз білмедік бұл үйді осындай сырость үй болатынын. Пневмония өршіп жатқан кезі ғой. Мына сыростьтан тем более қазір туберкулезге айналып кетуі де мүмкін. Сол балаларымның денсаулығы үшін қорқам. Жаңадан алған мебелем артқы жағы бәрі көгеріп жатыр. Обал тіпті».
Жаңа жиһаздың қазіргі жағдайы мынадай. Ағаш қаптамасы ажырап, көгеріп кеткен. Пәтер қабырғалары мен едені сыз тартып, үй ішінде көктің иісі мүңкіп тұр. Екінші қабаттағы Кенжетай апаның да баспанасы дәл осындай. Есік-терезелердің жан-жағы көгергені былай тұрсын, сылағы езіліп жатыр. Үш бөлмелі бұл пәтерде 10 шақты жан тұрады. Үй іші қоңыр салқын болғандықтан, электр жылытқышты пайдалануда. Осылай, амалсыз жылуға бір, тоққа тағы бір төлеуге мәжбүр.
КЕНЖЕТАЙ УӘЛИЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Былтыр қыста тұра алмай, көрінген жерде барып жүрдім, балалардың үйіне паналап. Енді, міне, электропешпен отырмын. Оны біресе ана жерге сүйреймін, біресе мына жерге сүйреймін. Өкпем ауыратын болды. Өзім инвалидпін. Мына балалар жөтеліп жүр».
Бұл мәселеден әкімдіктегілер де хабардар екен. Жағдайды көзбен көрдік, жуық арада ретке келтіртеміз, — деп сендірді.
ӘЛЖАН ТЕМІРХАН ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінгі күнге айтылған ескертпелер мен кемшіліктер жуық арада жойылатын болады. Портал арқылы үйді сатқан адамға хабарлама жіберілді. Өйткені, ол келісім-шарт бойынша, 2 жыл ішінде қандай да бір кемшілік анықталса, соны қалпына келтіруге міндетті. Яғни, ол үйдің кепілдік мерізімі бар».
Жалпы, Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы былтыр 70 баспана сатып алынған екен. Барлығы да кезекте тұрған азаматтарға үлесітіріліп беріліпті.