Түркістан облысында жол салып жүрген жұмысшылар аяқ астынан ежелгі құдықтың орнын тауып алды. 20 метр төмендікке қазылған тереңдік әзірге не мақсатқа арналғаны белгісіз. Және ол біреу емес, 4 жерден қазылыпты. Әрқайсысының қашықтығы да әртүрлі. Қазір осыған байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған. Сансыз баптар мекені, Сайрам жерінен табылған ескі құдықты археологтар зерттеуге кірісіп кеткен.
Ежелгі құдықтың орны табылды
Дата: 16.04.2020