10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Гаджетқұмар шенеуніктер

Трендтегі телефондар мен сәндегі сағаттар. Соңғы уақытта шенеуніктер арасында бренд маркалы бұйымдарға сұраныс артып келеді. Мұны алысқа бармай-ақ, мемлекеттік сатып алу сайтындағы тапсырыстардан-ақ аңғаруға болады. Мемлекеттік мекемелер бюджет ақшасына жаппай сатып алып жатқан смартфондардың бағасы 300 бен 400 мың теңгенің аралығы. Қарашаның қамын ойлап, елдің елеулі мәселесін шешу үшін қымбат қалтафонның маңызы қаншалықты өзекті? Әкімдіктен бастап театрға дейін жапа-тармағай тапсырыс беріп, халық ақшасына «майшелпекке» батып жатқандардың мән-жайын тілшіміз Айғаным Достанбай бағамдайды.

X