18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

«Гарант 24 Ломбардқа» алданғандардың ақшасы қашан қайтарылады?

Мыңдаған қазақстандықты зар жылатқан «Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамиданың қызметіне қатысты тергеу аяқталды. Оның аясында 60-қа жуық адам ұсталған.  Бүгінде ұйым өкілдері алдап кетті деп құзырлы органдағыларға 18 мың ел тұрғыны хабарласқан. Тәуелсіз Қазақстан тарихында атышулы қаржы пирамида жайында Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сұлу бикештер, сахна, интернет жұлдыздары жарыса жарнамалаған «Гарант 24 Ломбард» 18 мың қазақстандықты 22 миллиард теңгеге алдаған. Ішкі істер министрлігіндегілер «ақша салсаң, үш айда екі есе қайтарамыз» деп жұртты  сан соқтырған қаржылық пирамидаға қатысты тергеуді аяқтады. Бас-аяғы 150 полицей мен тергеуші тартылған істің қорытындысы мынау.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Біз 33 қылмыс эпизодын анықтадық. 56 адам қазір жауапқа тартылуда. Тағы 5 адамға іздеу салынды. Заңнан аттап, ізім-қайым жоқ болғандардың көбісін шетелден таптық. Әріптестеріміз Молдова, Қырғызстан, Түркиядан күдіктілерді ұстады».

Полицейлер тінту кезінде жоғарыда атаған 22 миллиард теңге қайда кеткенін де анықтаған. Қаржылық қылмысқа барғандар қолды қылған ақшаларын құр жұмсамай, жылжымайтын мүлік пен көлік және бизнес нысанына салған.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
«Біз 15 бес көлік, 2 жүк тиейтін «самосвал», 2 автокран, қарда жүретін электр шана, 29 пәтер мен үй, 3 жер телімі, 5 автотұрақ пен бір кафе-бильярд кешені мен 70 миллион теңге тәркіледік. Сондай-ақ шенділер тергеу барысында 140 пәтер, 1572 көлікке арестке қойдық».

Айта кетейік, «Гарант 24 Ломбард» басшылары Асылан «ЕSTATE Ломбард» пен «Выгодный займ» қаржылық ұйымдарына да басшылық етуі мүмкін деген ақпарат айтылған еді. Оған бұл істе Жанболат Есіркепов, Әсет Ысқақов, Сергей Фролов деген жандар көмектескен. Барлығы да полиция қолына түскен. Ақтөбеде бастау алып, тек Қостанай мен Ақмола облысында филиалы ашылып үлгермеген алдамшы ұйым басшыларына «алаяқтық» және «қаржылық пирамида құрды» деген айыптар тағылған. Бірақ, қазақстандықтар әлі де осындай арам пиғылдылардың қақпанын түсуде.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
«Жыл басынан бері қаржылы қ пирамида құру фактісі аясында 250 іс қозғалып, 120-і сотқа жолданған.  98 адам  жауап тартылмақ. Олардың 68-і қамауға алынған.  Жалпы 2020 жылы 25 мың қазақстандық 33 миллиардтан астам теңгеге алданған».

Көбіне осындай алаяқтардан Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары алданады екен. Сондықтан полицейлер қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

X