14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Газ жарылып, 9 адам зардап шекті

Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, жер үй ортасына түсті. Соның салдарынан 9 адам зардап шеккен. Апат кезінде үйдің ішінде туғанына бес-ақ күн толған шарана да болған. Қазіргі таңда түрлі дене жарақатын алып, денесі кұйген үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен, жЖарылысқа не себеп? Реанимацияда жатқандардың жағдайы қалай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Былтыр ғана тұрғызылған зәуім үй бір-ақ сәтте үйіндіге айналған. Жарылыс кезінде үйде 9 адам болған. Үшеуі- бала. Газ балоны атылып, артынша өрт тұтанған. Құтқарушылар баспанадағылардың барлығын аудандық ауруханаға жеткізген. Кейін дәрігерлер тексеріп, екі бала мен екі ересек адамды үйіне қайтарыпты. Қазір екі әйел хирургия, ал үш науқас — жансақтау бөлімінде жатыр.

РҮСТЕМ ИСАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жарақат алғаны-  дене, аяқ-қолдарында күйік орындары бар. 35- 45%. Ең үлкені 1963 жылғы азамат , ол Хромтаудың тұрғыны, 80% дейін. 11 жасар қыз термический ожог пламени, қолы-аяғы, денесі. Ол 30 процентке дейін. Есі бар. Емін алып жатыр».

Отбасының жаңа қонысқа көшіп келгендеріне бір жыл ғана болған. Үйге газ желісі тартылған. Алайда, не себепті газ баллонды үйге кіргізіп, пайдаланғаны  белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары мен полицейлер 57 жастағы тұрғынның беті беті қараған соң, жауап алып, анықтаймыз деп отыр.

АСҚАР ТӨЛЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бізден қазір білетініміз тек газ баллоны жарылғаны. Не себептен ол болды, қандай жағдайда болды? Қазіргі жағдайда үйдің иесінен біздер әлі түсініктеме алған жоқпыз. Кеше дәрігерлер оған көмек көрсетуіне байланысты. Бүгін полицей қызметкерлері үй иесінен түсініктеме алғаннан кейін қандай жағдайда газ баллоны жарылды, белгілі болады».

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қожайынның апатқа өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамай, газ баллонын үйде сақтағаны да себеп болуы мүмкін дегенді алға тартты. Анық-қанығы тексеру нәтижелерінен соң белгілі болды.

Облыстың бас дәрігері зардап шеккендерге барлық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Ақтөбеден аудан орталығына камбустиологтар мен балалар дәрігері жіберген. Жансақтау бөліміндегілердің беті бері қараған соң Ақтөбедегі күйік орталығына алдырып, ем жасайтын болады».

X