Газдың бағасы 50 теңгеге түсті
4 января 2022
Үкіметтік комиссия мен газ бағасын арзандатуды талап еткен маңғыстаулық белсенді бастамашыл топ бір ымыраға келді. Үкіметтік комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтаудағы Ынтымақ алаңына келіп, мәлімдеме жасады. Газ бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетіледі. Сондай-ақ, өз пікірлерін айтып алаңға шыққандардың ешқайсысы жауапкершілікке тартылмайды деп уәде берді. Тараптар барлық мәселені заң аясында, сындарлы диалогпен шешуге келісті. Маңғыстаудағы жағдай туралы «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тарқатсын.