Газдың ортасында отырып, көмір іздеген жұрт
10 ноября 2021
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 10 ауыл газ стансасының түбінде отырса да көгілдір отынға бір жарымай келеді. Ауданда біршама уақыт бұрын АГРС іске қосылып, халық шаттанды. Атқамінерлерге сеніп, тіпті қыс мезгіліне отын жинамағаны қаншама? Алайда жауаптылар биыл да сөзінен тайқып шықты. «Қатып өліп қалармыз» деген жұрт, ақырында күн суытқанда көмір іздеп сабылып әлек. «Тоңып секірген» жұрттың назын «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тыңдап қайтты.