6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Үгіт-насихат науқаны жалғасуда

Еліміздегі ендігі жылдың ең басты саяси додасына дайындық қызу жүріп жатыр. Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялар белсенділік танытып, еліміздің түкпір-түкпірінде халықпен кездесіп жүр. Ал, сайлаушылар өздеріне бағдарламалары ұнаған партияларды таңдауға мүмкіндік алады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мәжілістің мандатынан үмітті «Қазақстан Халық партиясының» мүшелері үгіт-насихат науқанын Қарағанды өңірінде жалғастырды. Олар жастардың басын қосып, дене шынықтырудан флешмоб өткізді. Сондай-ақ, «Әлеуметтік әділеттілік» деген ұранмен аспанға әуе шарын ұшырды

ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ» МҮШЕСІ:
«Бүгінгі акциямыз ол мына салауатты өмір салтын насихаттау. Егерде дені сау ұлт болса яғни мықты мемлекет болады. Қазіргі таңда, біз бүкіл қазақстандықтарды оның ішінде әсіресе жастарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға шақырамыз».

Ал, «NUR OTAN» партиясының сайлауалды штабы еліміздің батыс өңірлерін аралауда. Бұл жолы Бауыржан Байбек бастаған топ Орал қаласының педагогтарымен кездесті. Жиында партия кандидаттары алдағы уақытта өңірде 11 жаңа мектеп және 2 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынатынын айтты. Сондай-ақ, шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады екен.

БАУЫРЖАН БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Біздің қатарымызда өздеріңіз білетіндей 30% жуық ұстаздар бар. + 01:12 Біздің сайлауалды бағдарламамызда айтып жатырмыз. Келесі 5 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы 2 есеге өседі. Қазақстан бойынша 800 мектеп ашылса соның басым көпшілігі қазақ мектептері. Енді, өңірде жаңа 11 мектеп тағы салынады қосымша. Біз гранттардың санын 50% ұлғайтамыз».

Үгіт-насихат жұмыстарын «Ауыл» партиясы да бемсенді өткізуде. Саяси ұйым мүшелері «Ауылдан ауылға» акциясы аясында Қарағанды өңіріне барды. Бұл жолы партия кандидаттары Осакаров ауданының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Сондай-ақ, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

ТАЛҒАТ ЗЕЙНУЛЛИН, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Осы халықтың бағанағы көтеріп жатқан мәселесінің бәрі жол, дәрігер мәселесі. Содан кейін, көлікпен қатынасу. Бұл жерде 200 адам тұрады екен. + 00:21 Оны енді, облыстық мәслихаттың депутаттары кандидаттары жазып алды. Сондай мәселелер бұл енді ежелгі келе жатқан ауылдың проблемасы».

«AQ JOL» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Түркістан облысына барды. Саяси ұйым мүшелері аймақтағы ірі мақта өндіретін фабрика жұмысшыларымен, Арыс қаласының «Вагон жөндеу депосының» қызметкерлерімен және мұғалімдермен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, «AQ JOL» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Бүгін ғана мына мақта өндіретін зауыт фабрикасында болдық. Кеше заманауи насос зауытында болдық. Ол насосты уран шығаруға, мұнау шығаруға арналған сайман ғой. Басқа да кәсіпорындар бар. Бірақ, біз әліге дейін оларды тиісті дәрежеге шығара алмай жатырмыз».

Ал, додаға түсетін саяси ұйымдар арасындағы ең жас «ADAL» партиясы Маңғыстау барды. Үгіт-насихат тобы бұл жолы қала белсенділерімен кездесіп, бағдарламаларымен таныстырды. Көкейтесті мәселелерін айту үшін, жиынға жастар, кәсіпкерлер мен түрлі ұйым өкілдері келді. Партия атынан ұсынылған кандидат Масқат Толықбай халықты тегін оқытатын кәсіптік курстардың санын көбейтуіміз қажет, — дейді.

МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ, «ADAL» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
«Кәсіпорындар, бизнестің өзіне қолдау керек. Өйткені, шағын орта бизнес, өндіріс, фабриканы дамытпай экономика алдыға баспайды. Ал, өндіріс дамымай инфрақұрылым да дамымайды ауылда. Енді, оның арасында қысқа мерзімдік кәсіптік курстар тегін оқытылатын. Оларды көбейтуіміз керек. Нағыз сұранысқа ие мамандықтар жоқ емес бар. Бірақ, соларды меңгеріп жатқан қазақтың балалары аз. Соларды оқытуымыз керек».

Еске сала кетейін, партиялардың үгіт-насихат науқаны 9 қаңтар түнгі 12-ге дейін жалғасады. 9 қаңтар тыныштық күні. Бұл уақытта саяси ұйымдарға қандай да бір белсенділік көрсетуге болмайды. Ал, сайлау учаскелері 10 қаңтар таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

X