ГЛАУКОМА ЗАҒИПТЫҚҚА ӘКЕЛЕДІ
13 декабря 2024
Глаукоманың соңы – зағиптыққа әкеледі. Еліміздің офтальмологтары осылай деп дабыл қағуда. Өйткені, соңғы кезде көз қысымы жоғарлап, глаукома диагнозы артып бара жатыр дейді. Қазірдің өзінде 70 мыңнан аса адам тіркеуде тұр. Көз ауруынан құлан таза айықпаса да, жанарының көру қабілетін сақтап қалуға болады дейді. Алматыда неміс ғалымдарымен меморандумға отырған дәрігерлер енді тас соқырлықтың алдын алар жобаларын талқылады.