Балыққа талас! Түркістан облысында бір топ ауыл тұрғыны жасанды су қоймасының балығын бөлісе алмай әлек. Шардара суқоймасының етегіне орналасқан Алтын кемер елдімекеннің жұрты осындағы балық өңдеу зауыты басшылығының рұқсатынсыз ау салғандары үшін шетінен қудалауға түсіп жүргендерін айтады. Әзірдің өзінде, 10 адам «айыпты» деп танылып, күдікке ілінген. Арасында әйелдер де бар. Ал, зауыт қожайыны жылдан жылға күрделенген мәселені шешудің орнына, әлі күнге тұрғындармен ортақ тіл табыса алар емес. Соның кесірінен, олар бір-бірімен оқ атысуға дейін шақ тұр.
Халық пен зауыт суқоймадағы балыққа таласып отыр
Дата: 12.06.2020







