Хан кененің ескерткіші орнынан алынады
8 июня 2021
Қазақтың соңғы ханы Кенесарыға қойылған белгі орнынан алынатын болды. Әңгіме Елордадағы еңселі ескерткіш жайлы емес, Жамбыл облысының Меркі ауданында тұрған тұғыртас төңірегінде болып отыр. Ол жерде осыдан үш жыл бұрын тұрғындардың күшімен Кенесарының құрметіне монумент бой көтерген болатын. Оны алғаш көргенде жұртшылық бір шулаған еді. Себебі, ханға арналған ескерткіш тым аласа, оның үстіне ұсқынсыз деп баға берілген. Жергілікті әкімдіктен де бұл іске еш рұқсат алынбаған. Алайда, өздерін ханның ұрпағымыз деп санайтын жергілікті тұрғындар тобы ешкімнің уәжіне құлақ аспай, дұрыс жасағандарын дәлелдеп бағуда. Енді не болмақ? Тілші толықтырсын.