Ақтөбенің Хромтауында тағы да атыс. Түн ортасында белгісіз біреу тапанша кезеніп, екі ер адамды атып кеткен. Екеуі де Хромтау қаласының тұрғындары. Оқ тигендерді аудандық ауруханаға жеткізгенімен, жарақаты ауыр болған 40 жастағы азамат емдеу мекемесінде қаза тапты. Ал екіншісі хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Көп ұзамай, қылмыскер де қолға түсті. Күдікті алыстан келмепті, сол қаланың 24 жастағы тұрғыны екен. Естеріңізге салсам, осыдан бір ай бұрын Хромтауда атыс болып, 5 адам жарақаттанған болатын. Кейін үш күдікті қамауға алынды.
Хромтауда екі адамды тапаншадан атты
Дата: 19.03.2020