ІНДЕТПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛМЕК?
2 апреля 2021
Бүгін Алексей Цойдың туған күні! Денсаулық сақтау министрі 44-ке келіп жатыр. Әдетте әр адам жеке мерекесін іштей болса да атап өтеді, жылы лебіздер мен құттықтаулар күтеді. Бірақ, еліміздің бас дәрігеріне төл мерекесін тойлауға мұршасы жоқ. Өйткені елде індет өршіді, осы үшін кеше Президенттен сын да естіді. Қасым-Жомарт Тоқаев «жағдайымыз мәз емес» деп, оны үкіметтегілер реттемесе, отставкаға жіберемін деген еді.