ИНТЕРНЕТ ІЗДЕГЕН ОҚУШЫЛАР КӨПІР ЖАҒАЛАП ЖҮР
5 апреля 2021
Жамбыл облысының Қостөбе ауылындағы оқушылар онлайн оқимыз деп көпір жағалап кетті. Себебі, интернет сол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасында ғана жақсы ұстайтын көрінеді. Көлігі бар тұрғындар балаларды ауылдан 3 шақырым жерге тасып, жыл бойы амалдап келіпті. Төзімі таусылған азаматтар жергілікті биліктен көмек сұрай шаршадық дейді. Себебі, қанша шағымданса да шенділердің қимылдайтын түрі жоқ.