Интернет мәселесі мәжілісте тағы қаралды
9 марта 2022
«Қытайға қош келдіңіз». Депутаттар шекаралас аймақтардағы халықтың ұялы телефонына таңның атысы, күннің батысы осы сарындағы смс хабарламалар келетініне қынжылыс білдірді. Халық қалаулыларының сөзінше, елімізбен көрші жатқан Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның байланыс операторлары біздің абоненттерге тыным бермейді екен. Бұл азаматтарға моральдық жағынан үлкен соққы деген депутаттар жауаптылардан мәселені тез арада шешуді талап етті. Ал, елімізде интернет сапасы қандай деңгейде? Өркениеттен тыс қалған елдімекендерге қашан ғаламтор тартылады? Толығырақ Қайыркен Отыншы тарқатады.