Ірі көлемде пара алған жоғарғы сот судьясы ұсталды
12 февраля 2021
Елордада ірі көлемде пара алған Жоғарғы соттың судьясы ұсталды. Фемида өкілін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы cоттың ішкі қауіпсіздік қызметі қолға түсірді. Күдіктінің Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезде Түркістан облысындағы аудандық соттың судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыруға көмектесіп, ақша алғаны анықталды. Сонымен қатар, оған пара берген аудандық соттың судьясы да тұтылған. Қолға түскен қазы 2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың желтоқсан айлары аралығында Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі болыпты. Сондай-ақ, аудандық соттың төрағасы болған, 30 жылдық еңбек өтілі бар екен. Бүгін Ақордада сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.