ҰҚК ДЕПАРТМЕНТІНІҢ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
19 августа 2025
Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің су жаңа департаменті ашылды. Ғимаратты алғашқылардың бірі болып мемлекет басшысы аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері мен заманауи талаптарға сай жабдықталған бөлмелер таныстырылды. Президент Астана тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық базамен қамтамасыз етілген құрылыс жұмыстарына оң баға берді.







