КӨКТЕМНЕН ХАБАР ЖОҚ: АҚТҮТЕК БОРАН БАСЫЛМАЙ ТҰР
24 марта 2021
Көктем биыл кеш келетін сыңайлы. Еліміздің басым бөлігінде әлі де ақтүтек боран басылмай тұр. Соның салдарынан 13 аймақта дауылды ескерту жарияланды. Аталған облыстарда төтенше жағдайлар мамандарымен бірге жедел штаб құрылып, республикалық маңызы бар 16 жол учаскесі жабылды. Бір тәуліктің өзінде мыңға жуық жолаушы синоптиктердің ескертуін елемей жолға шығып, қар құрсауында қалған. Боранды күні далада аялдауға мәжбүр болған адамдардың қазіргі жағдайы қалай?