Көлгінов LRT-ны аяқтауға тағы 1 млрд доллар сұрап отыр
3 декабря 2021
Жемқорларға ескерткіш немесе түрмеге апаратын темір жол! Астанадағы LRT атты аждаһа жобаны аяқтауға тағы 1 млрд доллар керек екен. Бұл жөнінде қала әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде брифингте мәлімдеді. Сол-ақ екен, қағытпа сөздер жан-жақтан жауа кетті. Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жеткіліктілік шегі көтерілгенін естіген желінің белсенділері «жұрт ала алмайтын ақшаны осы жобаға бұратын болар» деп әзілдеп жатыр. Енді бірі «онлайн аударымдарға салық салып, содан түскен қаражатқа құрылысты жалғастыратын шығар» деп долбарлайды. Не керек, екі сағаттан астам тілшілердің сұрағына жауап берген Көлгіновтың «сақалды құрылыс» жайында не айтқанын тілшіміздің келесі сюжетінен біле аласыздар.