18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Көлікте күн кешуге мәжбүр

Жамбыл облысында 30-дан астам жүк көлігінің жүргізушісі 15 күннен бері далада күн кешуге мәжбүр. Бішкектен Ресейге бет алған оларды Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жібермей ұстап отыр екен. Ондағы себеп — халық тұтынатын тауарларды артқан көліктер толықтай тексерістен өтуі тиіс көрінеді. Осыны желеу еткен мамандар құжаттарымызды алып қойып, жібермей отыр деп ашулы жүргізушілер. Ал салықшылар болса заң аясында жұмыс істеп отырмыз дейді. Шетел азаматтары мен мемлекеттік орган арасындағы даудың мән-жайын тілшіміз айтып берсін.

X