18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Көпқабатты үйде көмір жағып отыр

28.02.2020

«Көршілерімізді қарусыз қыратын киллерге айналамыз ба деп қорқамыз». Бұл Ақмола облысындағы Макинск шаһары тұрғындарының жанайқайы. Өркениеттен жұрдай жұрт 21-ғасырда жоғары қабатқа көмір тасып, күл шығаруға мәжбүр. Бір-бірлерінің пәтерлері арқылы өтетін мұржалар әбден тозған. Астыңғы үйде от жағылса, үстіңгілерінің баспаналары көк түтінге айналады екен. Жұртты титықтатқан мәселені шенділер неге шеше алмай отыр?

X