Астанада көп балалы отбасылардың балалары үшін балабақша, қоғамдық көлік енді тегін. Тіпті, 2 пайызбен тұрғын үй алу үшін алғашқы жарнасында жергілікті әкімдіктің өзі көтереді. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов осындай уәде берді халыққа. Алайда, елордалықтарды толғандырған тағы бір мәселе — тіркеуге тұру. Әйтпесе, 21 мың теңгенін ала алмайды. Бұл сұраққа да жауап берді шенеуніктер. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
“Бес баламен қайда пропикаға тұрамын. Дачаға болмайды. Осыны айтып беріңізші”.
Прописка, қазіргі астаналық аналардың жанайқайы. Егер тұрғылықты жерде тіркеуде болмаса 21 мың теңге жәрдемақыны ала алмайды. Екі министр, бір әкіммен кездесуге келген елордалықтарды толғандырған тақырыптың бірі осы.
ГҮЛШАТ БАЙӘДІЛОВА КӨП БАЛАЛЫ АНА:
“Времянкадан пеш жағып, күйе күйе болып отырмын. Пропискам жоқ. Бұрынғылардан уақыты келгенде шығарып тастайды. 10 баламен ешкім отырғызбайды ғой қайта қайта. Үйдің кезегіне, жердің кезегіне тұра алмаймын. Үкіметтен көмек ала алмаймын. Пособия дегенді алған жоқпын”.
Бұл мәселе шенеуніктерді де қатты ойландыруда. Көп кешікпей жауабын табамыз деді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жарғақ құлағы жастыққа тимей осы сұрақпен айналысып жатыр екен.
БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
“Қазір ішкі істер министрлігі көпбалалы аналардың пропискасын шешу жөнінде мәселені қарап жатыр. Жақында шешімін табады”.
Өңірлерді аралап келген Бердібек Сапарбаев пен Күләш Шамшидинова бүгін астаналық аналарға жаңа әлеуметтік реформаларды түсіндірді. Министрлер түсіндіріп жүргенде, Астананың әкімі іске кірісіп кетіпті. 13 пунктен тұратын әлеуметтік бастаманы жариялады. Маңыздылары мыналар.
БАҚЫТ СҰЛТАНОВ ҚАЛА ӘКІМІ:
“Көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары, сондай-ақ мүгедек балалар балабақшаға тегін баруға қолдау көрсетілетін болады. Көпбалалы отбасыларының балаларына, оның ішінде мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне тегін жолақысы берілетін болады”.