20:00 Тікелей эфир «АНАЛИТИКА»
20:45 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «РЕЦЕПТ ЛЮБВИ»

Көпбалалы ана 10 жылдан бері қазақстан азаматтығын ала алмай жүр

10 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай жүрген Алматы облысының тұрғыны арнамызға шағымданды. Наргиз Тәшкенбаева Өзбекстаннан алған туу туралы куәлігі ғана бар екенін айтты. Керекті құжаттардың барлығын жинасам да, атқамінерлерден қайыр жоқ деген ана қазір төрт баласымен ағасының үйін паналауда. Туған бауырының өзі отбасын жалғыз асырап отырғандықтан, оған кіріптар болудан шаршадым дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жаз шықса егістік алқапты аралап, біреудің шаруасын бітіретін Наргиз Ташкенбаева қыста ағасының үйін паналап күнелтіп жүрген. Алайда,

«Из-за документов я не могу получить ни пособия, ничего не могу, никто не помогает даже».

Қолында «Өзбекстан республикасында туған» деген куәлігінен басқа ештеңесі жоқ. Осы уақытқа дейін азапты өмір сүріп келгенін аянышпен баяндайды. Төрт баласы бар көпбалалы ана, бірнеше жыл өзгенің үйіндегі сиырын сауып, шаруасын бітірсе де соңынан қаражатын бермей көшеге тентіретіп жіберген екен. Тіпті, туыстарының көпшілігі қамқорлығына алудан қашқақтайтынға ұқсайды. Қазір құжатының жоқтығынан не жәрдемақы ала алмай, не дұрыс жұмысқа орналаса алмай қиналып жүргенін айтады.

НАРГИЗ ТАШКЕНБАЕВА, ГҮЛДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Құжатымды жасату үшін бірнеше рет көші-қон мекемесіне бардым. Бірақ, олар жасағысы келмейді. Сұраған құжаттарының барлығын жинадым. Ол үшін тірнектеп жинаған біраз қаражатымды жұмсадым. Алайда, әрбір барған сайын кері қайтарып жібереді».

Көктем шықса құлыншақтарын алып қаланың шетіндегі алқаптарда жалдамалы жұмысшы болып аз-маз нәпақасын табатын ана, қытымыр қыс мезгілі түскенде өз отбасын әрең асырап отырған ағасының үйін паналауды әдетке айналдырған. Айына жүз мың теңгемен күнкөріп жүрмін деген Әбдусәмет Заитов, қыста сегіз баланың тамағы мен киімі толық өз мойнында екендігін жеткізді. Бір емес бірнеше рет осылай болғандықтан, енді өзімнің де дәрменім жетпей барады, дейді.

ӘБДУСӘМЕТ ЗАИТОВ, НАРГИЗДІҢ АҒАСЫ:
«Қыста менің үйімде, жазда кетеді. Міне тағы келді. Сегіз баланы өзім асырап отырмын. Киім-кешектің барлығын өзім алып беріп отырмын».

Наргиз Тәшкенбаеваның ұл-қыздарының құжаттарының барлығы дұрыс. Қазір алды мектепке барып, кішкентайын үйінде қарап отыр. Бірақ өзіне келгенде іс оңбапты. Тіпті ағасы жалдап тұратын пәтердің иесі де қонақтың қашан кететінін айтып наразылық білдіріп жатыр екен. Ал бұл мәселе бойынша облыстық көші-қон басқармасы ең әуелі Өзбекстан консулдығына жүгінулері тиіс, дейді.

ЕРКІН ТӨЛЕБАЕВ, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Консулға кіреді, туу туралы куәлігін көрсетеді. Түсіндіреді. Қай жылы келген, кіммен өткен шекараны. Сол кезде ол кісілер сразу жібереді Өзбекстан Республикасына қай аудан, облыста, қай ауылда болған сол кезде сұраныс бойынша келеді. Сосын анықтайды».

Егер консулдық Өзбекстан азаматы екендігін анықтаса, еліне қайту туралы анықтама береді. Сол жақтан құжаттарының барлығын реттеп, осыдан кейін ғана Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бере алады дейді. Ал, қыста екі қолға бір күрек таппай қалатын Наргиза Тәшкенбаева, қазір шекара тұрмақ, қалада қатынайтын тиыным жоқ деп күрсініп отыр.

X